Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«РАМАЗАН СЫЙЫ» АКЦИЯСЫ

Орал қаласы,  «Тәжиден Батырұлы» мешітінің баспасөз қызметі 11.06.2018 3603 0 пікір
«РАМАЗАН СЫЙЫ» АКЦИЯСЫ

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасау туралы  ҚМДБ  Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының  Үндеуіне сәйкес, Ақжайық өңірінде  «Тәжиден Батырұлы» мешіті  «Рамазан – сыйы» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға қайырымдылық шарасын жасады. Игі шара бас имам Мейрамбек Ақылбекұлының бастамасымен жүзеге асып, отбасыларға азық-түлік және қаржылай мерекелік сый тарту етілді. «Тәжиден Батырұлы» мешіті қала бойынша тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметтік картасын жасап, ондағы отбасылардың  хал-ахуалымен жиі танысып, жәрдем беріп тұрады. Рамазан айының құрметіне орай жасалған қайырымдылық шаралар тек атаулы күнде емес, ай бойы үлкенді-кішілі садақа амалдарымен жалғасын табуда. Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар бас имам мен жомарт  жандарға өз ризашылықтарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру