Алматы қаласына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарушы Сансызбай Құрбанұлы «Тагүл-3» мешітінің жамағатына уағыз айтып, тарауих намазына қатысты. Ақшам намазынан соң басталған білікті ғалымның «Рамазан құндылықтары» атты дәрісін мешіт жамағаты ерекше ықыласпен ден қоя тыңдады.
Қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен мысал келтіре отырып, тақырыпты жан-жақты тарқатқан Сансызбай Құрбанұлының уағызы мешіт жамағатының білімін байыта түсті. Қасиетті Рамазан айында Құран оқудың мән-маңызы мен ерекшеліктері жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, жамағат арасынан қойылған сауалдарға жауап берді. Жамағатқа пайдалы болған осы тақырып аясындағы уағыз құптан намазына дейін әсерлі түрде жалғасты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Таугүл-3" мешітінің баспасөз қызметі
09.06.2018
3052
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру