Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазанда күн сайын жамағатқа арнайы ауызашар берілуде

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 08.06.2018 3615 0 пікір
Рамазанда күн сайын жамағатқа арнайы ауызашар берілуде

Биылғы қасиетті Рамазан айында Павлодар  қалалық  мұсылман жамағатының өзара қарым-қатынастарынан  қасиетті айға деген құрмет сезімінің лебі есіп, «Рамазан айы бәрімізге берекелі болсын!»,-деген игі тілектермен сәлем берісіп жатса, мешіт аулаларынан бастап  көптеген  жерлерде  Рамазан айы, ораза туралы  көрнекті баннерлер ілініп тұр.

Облыстық орталық   «Мәшһүр Жүсіп» мешіті  Рамазан айын ерекше дайындықпен қарсы алып, ай басталғалы әр күн сайын  мешіттің арнайы    жабдықталған  орнына 140-160 адамға ауызашар дастарханын тұрақты жайып келеді.  Бұл дастарханға күнделікті ақшам намазына қатысушы барлық жамағағат кіріп ауыз ашуда. Дастарханда бата жасалып, Құран оқылып, мешіт имамдары кезекпен уағыз айтып келеді.

«Біз бұл ауызашар дастарханын  ай бойы игі жамағатпен, кәсіпкер қалталы азаматтармен және қажылар, ардагер ата-апалар, ақсақалдардың Алла разылығы үшін деген ниеттерін топтастырып арнайы мақсатпен ұйымдастырып отырмыз.  Мұнда исламға алғаш келіп, намаз оқып, ораза ұстап жүрген бауырларымызбен қатар жат ағым жетегіне кетуге бейім кейбір жастар да көптеп келіп дастарханнан аузын ашып, біздің насихаттарымызды тыңдауда. Олардың көңілін жібітіп, асыл дінімізге, қазақ халқының қонақжайлылығына деген ықыласын арттыруда ай бойы атқарып келе жатқан бұл шарамыздың әсері зор болуда»,-дейді өкіл имам Жолдас Қоспақұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру