Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар науқастардың халін сұрады

Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі 07.06.2018 3158 0 пікір
Имамдар науқастардың халін сұрады

Али ибн Абу Талиб айтады:

«Мен Алла Елшісінің былай деп айтқанын естідім: «Кімде кім мұсылман бауыры науқастанып қалғанда оның халін сұрап барса, жеткенше жәннат жолымен жүріп барады. Науқастың жанында отырса, оның айналасына Алланың рахметі жауады. Егер таңертең барған болса, жетпіс мың періште оның ақысына кешке дейін салауат айтады. Егер кешке барған болса, жетпіс мың періште оның ақысына таң атқанша салауат айтады» деген.

Міне, осы хадисті амалға асырған аудан имамы Б.Қалдаровтың бастамасымен Сарыағаш қаласы имамдары бірлесе ұйымдастырып аудандық ауруханада жатқан науқастардың халін сұрады. Әуелі аудандық аурухана бас дәрігері Ибрагим Ақжолұлы имамдарды жылы қабылдап, осындай игі бастамаға ризашылығын білдірді. Имамдар науқастармен жеке-жеке сұхбаттасып, оларға сабырлық тіледі. Науқастарға  қаржылай көмек беріп, діни кітаптарды сыйға тарту етті. Науқастар имамдардың игілікті істеріне риза болып, кейбірі көздеріне жас алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру