Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Сауат ашу курсы басталды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 06.06.2018 3598 0 пікір
Маңғыстау: Сауат ашу курсы басталды

Маңғыстау облысына қарасты қалалық, аудандық және жамағаты көп ауылдық мешіттерде 2-ші маусымнан бастап жаздық сауат ашу курстары басталды. Мектеп жасындағы балалардың жазғы демалысына орайластырылып жасалған шара жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу ғана.

Діни басқармаға қарасты «Ақтау» қайырымдылық жеке мекемесі 1 маусымнан бастап ер балаларға арналған жазғы сауат ашу курсын бастап кетті. Қазіргі таңда 52 бүлдіршін тәлім алуда. Сауат ашу крусында бүлдіршіндерге дәріс беретін ұстаздар Нұр-Мүбарак университетінде оқып жатқан маңғыстаулық шәкірттер. Шәкірттер бағдарламаға сәйкес қажетті иман шарттарын және Құранды оқуды үйренетін болады.

Балалардың зерікпеуі үшін мултьфильмдер, танымдық кинолар көрсетілуде. Қайырымды жандардың көмегімен шәкірттерге арнап ауызашар да ұйымдастырылуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру