Қызылорда қаласындағы «Hayat Palace» Салтанат сарайында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан ауызашар берілді.
Қасиетті Құран аяттарымен басталған отырыста Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы қонақтарға Бас мүфтидің игі лебізін жеткізіп, мүбарак Рамазан айымен құттықтады.
«Облыстық ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы Сейілбек Шаухаманұлы:
Ауызашарға қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов және өзге де жергілікті басқарма басшылары, «Облыстық ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы С.Шаухаманов, Қалалық кеңестің алқа мүшесі С.Аңсатов, депутат, кәсіпкер Қ.Ерназар, "Сыр Медиа" орталығының директоры А.Оңғаров, «Қоғам Тв» телеарнасының директоры Ш.Әбдікәрімов, қоғамдық ұйым жеткешілері, зиялы қауым өкілдері, ардагер ақсақалдар, өнер адамдары, спортшылар секілді әр түрлі саланың майталман мамандары, кәсіпкерлер мен мешіт жанашырлары, БАҚ өкілдері қатысты.
Берекелі отырыста, қонақтар қасиетті қара домбыраның күмбірлеген үні мен термешілердің термесінен сусындап қайтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
06.06.2018
3575
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру