Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қасиетті Рамазан айында жеткіншектерге сауат ашу курсы басталып кетті. Қазіргі таңда курста барлығы 100-ден астам шәкірт білім алып жатыр. Оларға әліппеден дәріс берілуде. Сонымен қатар, тағылымдар айтылуда.
«Шәкірттер дәріске алғашқы күннен бастап ынталы кірісіп жатыр. Ата-аналарымен тығыз жұмыс жасап отырмыз. Шәкірттер күніне үш мезгіл ас-сумен, олар оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Мешіт ішіне саяхат және түрлі ойындар ұйымдастырылып тұрады. Балалар мерекесі қарсаңында қызықты мултьфильм көрсетілді»,- дейді «Халифа Алтай» мешітінің ұстаздары.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
06.06.2018
3389
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру