Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Зиялы қауым өкілдері қонақ болды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 06.06.2018 3450 0 пікір
Маңғыстау: Зиялы қауым өкілдері қонақ болды

Маңғыстау облыстық орталық мешіті қасиетті Рамазан айы бойы жоспарға сәйкес түрлі мекеме қызметкерлері мен әр саланың мамандарын арнайы ауызашар қонағы ретінде шақыруда. Бүгін Маңғыстау облысына танымал зиялы қауым өкілдері мен ардагерлерді қонақ етті. Облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Серікбай Төлетов өңірге танымал зиялы қауым өкілдерін шақырып, ас берді.

Ауыз ашар қонағына келген ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Өкіл имам С.Сейтбеков келген қонақтарды Рамазан айымен құттықтап, пайғамбарымыздың (с.а.у.) отбасы жайында уағыз айтты. Айтылған уағызға қатысты қонақтар өз сұрақтарын өкіл имамға қойып жатты. Кеш соңында келген қонақтарға өкіл имам С.Сейтбеков алғысын білдіріп, ел үшін опат болған және марқұм болған жандардың рухына арнап Құран бағыштады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру