Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рудныйдағы рухани кеш

Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі 06.06.2018 2968 0 пікір
Рудныйдағы рухани кеш

Рудный  қаласында Рамазан айының құрметіне арналған «Рамазан мүбәрәк болсын» атты рухани кеш болып өтті. Ауқымды басқосуды осы шаһардың әкімдігі мен Рудный қалалық «Нұр» мешіті  ұйымдастырды.

Оған ел ағалары мен қала тұрғындары және мешіт жамағаты қатысты.  Аталмыш кешке ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілі бас имам Бақытбек Нұрғабылұлы қатысып, жиылған жұртшылыққа оразаның қадір-қасиеті жайлы әңгімелеп «Пайғамбар өмірі, отбасы» тақырыптарында уағыз айтты.

Бас қосқан халыққа Рудный қаласының әкімі Бақытжан Темірұлы дастархан жайып, ауыз ашар берді. Онда қасиетті Құран оқылды. Қалың жұртшылық шаһар басшысына өздерінің шынайы алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру