Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шығыста «Зекет: ақпараттық онкүндігі» жарияланды (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 06.06.2018 2871 0 пікір
Шығыста «Зекет: ақпараттық онкүндігі» жарияланды (ФОТО)

ҚМДБ «Зекет» қоры бойынша шараларды жаңа бағытта жасау, жұртшылықққа Зекетті түсіндіру, насихаттау шарасы бойынша ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Зекет: ақпараттық онкүндігі» атты өңірлік акция жариялады.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы:

«Зекет туралы халықтың түсінігін жетілдіру, Зекет қорының қызметін насихаттау, қайырымдылық шараларын барынша таныту мақсатында біз өңір бойынша «Зекет онкүндігін» жасап іске асырудамыз. Шара барысында өңірде Зекет қорының атынан ауызашарлармен қайырымдылықтар ұйымдастырылып жатыр»,- деп атап өтті.

Онкүндік аясында зекеттің маңызы туралы өңір мешіттерінде жүздеген парақшалар жасалып, таратылды. Сонымен қатар әр аудандар бойынша «Зекет» қорының арнаулы өкілдері тағайындалып, қор бойынша жоспарлы шаралар басталып кетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру