ҚМДБ-ның Қыздар, əйелдер секторының Павлодар облысындағы өкілі Қарлығаш Қажымәлікқызының ұйытқы болуымен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің діни сауат ашу курсы əйелдер арасында жылдағы дәстүр бойынша Рамазан айының құрметіне арналып Құран хатымы жасалды.
«Сауат ашу курсында үйренген Құрандарын толықтай оқып, Рамазан айы басталысымен хатым ету əрі оқуды дамыту мақсатында курс шəкірттері мен мешіт жамағаты бас қосқан болатын. Қасиетті кітап күнделікті 2 парадан 15 күнде оқылып, жұма күні хатым дұғасы жасалды»,-дейді ұстаз Қарлығаш Қажымәліқызы.
Жиналған көпшілік жеке-жеке дұға жасап, жүректі тебіренткен сəт еріксіз көзден жас шығарды. Нəзік жандылар жасаған дұға өте əсерлі болып, жиналған қауым рухани тыныс алды.
Сондай-ақ, əйелдер жамағаты келесі жылғы Құран хатымға асығатындарын жеткізді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
06.06.2018
3513
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру