Кеше «Афсона» кафесінде облыстық БАҚ өкілдеріне бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің атынан ауызашар берілді. Оған жергілікті телеарна, газет, сайт журналистері, операторлары, барлығы 40-қа жуық адам қатысты.
Қалалық орталық мешіттің бас имамы Амантай Садиев барлық БАҚ өкілдерін қасиетті Рамазан айымен құттықтап, өкіл имамның жылы лебізін жеткізді. Алла Тағала тұтқан оразаларын қабыл етсін, отбасыларына амандық, ақпарат саласындағы қажырлы еңбектеріне абырой, береке берсін деп тілек білдірді.
Шығыс асханасынан ауыз ашқан меймандарға ағайынды Манас пен Алмат Көшербаевтар жырдан шашу шашты. Жанды дауыста домбырамен Жарамазан айтып, қазақы дәстүрді жаңғыртты.
Шара барысында барлық қыз-келіншектерге гүл шоқтары сыйға тарту етіліп, ілтипат білдірілді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
06.06.2018
2952
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру