Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТЕМІР: Бас мүфти ауызашарында Балалар үйіне 100 000 теңге қаржылай көмек берілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 06.06.2018 3282 0 пікір
ТЕМІР: Бас мүфти ауызашарында Балалар үйіне 100 000 теңге қаржылай көмек берілді

Темір ауданының тұрғындарына «Мирас» мейрамханасында Бас мүфтидің атынан ауызашар берілді. Ауызашар дастарханына 180-ге жуық мейман шақырылды. Ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаты, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен қызметкерлері, мекеме, ұйым өкілдері, БАҚ қызметкерлері бір дәм басында ауыз ашып, ғибратты әңгімелер тыңдады.

Дәм басында аудан әкімінің орынбасары Мұңайтбасов Марат баршасын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, аудан әкімінің ыстық лебізін жеткізді. Шараға өкіл имамның жолдауымен қатысқан «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қайрат Дәрменов Рамазанның қадір-қасиетіне тоқталды. Оразаның сауабы, осы айда жақсы амалдар жасап жарысу, ғибадатта тұрақтылық танытудың абзалдығы туралы тағылымды насихаттар айтты. Ақсақалдар бата беріп, дұға-тілек тілесті.

Шара барысында Темір аудандық мешітінің бас имамы Мадияр Пірімқұлов аудандық отбасы үлгісіндегі Балалар үйіне 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек берді. Қайырымды іске мешіттің алқа мүшелері де атсалысты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру