Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ АЯГӨЗ ЖҰРТЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТКЕН (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 05.06.2018 3182 0 пікір
«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ АЯГӨЗ ЖҰРТЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТКЕН (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров қордың 2018 жылдың І жарты жылдық есебін жариялады.

Қордың ресми мәліметі бойынша, алғашқы жарты жылдықта 1 011 000 теңгеге Аягөздегі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек көрсетілген.

Айта кетейік, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Зекет қоры» Республика деңгейінде қызмет атқарып, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және қоғамға пайдалы өзге де мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым.

Қордың негізгі мақсаты – Қасиетті Құран Кәрім мен сүнетті басшылыққа ала отырып, шариғат үкімдеріне сәйкес зекеттің жинақталуы мен таратылуын жүзеге асыру.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚМДБ «Зекет қоры» өз жарғысына сәйкес қызмет етуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру