Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 05.06.2018 3687 0 пікір
ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша  өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанынан балаларға арналған тегін жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастап кетті.

Курстың алғашқы күнінде, өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы балақайлармен жеке-жеке танысып, батасын берді.

Бүгінде сауат ашу курсында тәлім алып жатқан 61 жеткіншектің 36-ы ер бала, 25-і қыз бала. Мешіт ұстаздары балаларға ахлақ (әдеп), қысқа сүрелер мен дұғаларды үйретуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру