Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе медресе-колледжін 15 түлек аяқтады

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 05.06.2018 3866 0 пікір
Ақтөбе медресе-колледжін 15 түлек аяқтады

Өткен аптада «Ақтөбе медресе колледжінде» 2017-2018 оқу жылының мемлекеттік емтиханы өтті. Оған ҚМДБ-ның Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет және өкіл имам Төлеби Оспан қатысып, шәкірттерден сынақ алды.

Емтиханға 15 бітіруші түлек қатысты. Олар қазақстан тарихы, иман негіздері, ислам шарттары пәндері бойынша алдын-ала әзірленген билет сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, Құран оқу қырағаттары тексерілді.

Шәкірттердің барлығы сынақты сәтті тапсырып шықты. Соның ішінде, 4-уі оқу орнын үздік Дипломмен аяқтап отыр.

Сапар барысында ҚМДБ-ның Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет медресенің тыныс-тіршілігі, сондай-ақ, медресенің облыс орталығынан салынатын жаңа ғимаратының кешенді жобасымен танысты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру