Бүгін ақтөбелік имамдар арасында Құранның 30-парасын жатқа оқудан сынақ емтиханы өтті. Оған 40-қа жуық қала имамдары, ұстаздар, азаншылар және ауданның бас имамдары қатысты. Сынақ емтиханын өкіл имам Төлеби Оспан, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев және қари Бекжан Әлденов қабылдады.
«Шара мақсаты – шарапатты айда Құран оқуға көбірек көңіл бөлуге ынталандыру». Осылай деген өкіл имам Рамазанда Құран оқудың артықшылығына тоқталды:
– Рамазан – Құран айы. Демек, осынау қасиетті айда атқарылатын ең ізгі амалдардың бірі – Құранды көбірек оқу. Мейлі жүзінен немесе жатқа оқу болсын. Бастысы - Құранмен байланыста болу. Мешіттерімізде Рамазанға тән тарауық намаздарында, одан бөлек күндіз жамағатпен де Құран хатым етілуде. Биылғы оразада Ақтөбенің 10 мешітінде тарауықта хатым түсірілуде. Сондықтан, бүгінгі шараның бір мақсаты – осы айда Құран оқуға құлшындыру. Екіншіден, имамдардың біліктілігін және діни қызмет сапасын арттыру, - деді өкіл имам Төлеби қажы Дәділұлы.
Сынақ кезінде діни қызметкерлердің Құран оқу қырағаты мен мақамы, тәжуид ережелерін сақтауы, әріптерді дұрыс дыбыстауы ескерілді. Емтиханнан мүдіргендерге Құранды көбірек оқып, тіл жаттықтыру, жаттау және тәжуид ережелерін қайталау керектігі айтылды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
05.06.2018
3260
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру