Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы демеушілер көмегімен жуырда ғана болып өткен халықаралық балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
Олар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасындағы бүлдіршіндерге киім-кешектер мен тәттілер беріп, шаттыққа бөлесе, «Ана мен бала» үйіндегі Жұлдыз есімді жас анаға қол ұшын созып, кішкене бөбегіне қажетті заттар мен киімдерді табыс етті.
Сондай-ақ, мешіт жамағаты Рүстем Асанханұлымен бірге шаһардағы ата-ана құқығынан айырылған сәбилердің көңілін көтеру мақсатында спорттық жабдықтар, яғни ойын доптары және басқа да заттарды сыйға тартты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
05.06.2018
3156
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру