Өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы биылғы оқу жылында Павлодар қаласы мектептерінің 9-сынып және 11-сыныпты бітіруші бір топ жас түлектерді, олардың өтініші бойынша «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қабылдады. Өкіл имам түлектерді алдағы үлкен өмірге қадам басуымен құттықтай келе, өмірдің күрделі де даңғыл жолында адаспай жүру үшін имандылықты серік етуді, бір сәтте болсын Жаратушы Алла Тағалдан қол үзбеуге шақырды. Құрметті жастар, түлектер!,-деді өкіл имам:
«Үлкен өмірге қанат қағып барасыңдар. Қанаттарың талмасын, биіктерге шырқаңдар! Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сендерсіңдер. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңе тілектеспін!».
Енді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбірің бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресіңдер! Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын»,-деді. Өкіл имам арықарай әртүрлі тілдерді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат болу, мәпелеген ата - ана, білімге баулыған ұстаздарын қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға шақырды. Сонымен қатар адамзатты имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін асыл дініміздің білім ордасы болған «Нұр Мүбарак» қазақ-египет ислам университеті және дін медреселерде білім алудың ел руханиятының көркеюі мен дамуына қосатын мол үлестері туралы түсіндіріп айтты.
Соңында түлектерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар!,-деген игі батасын берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
05.06.2018
3639
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру