Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зекет туралы анықтамалық парақша таратылды

ҚМБД «Зекет қорының» баспасөз қызметі 05.06.2018 3135 0 пікір
Зекет туралы анықтамалық парақша таратылды

ҚМДБ-ға қарасты «Зекет қоры» қасиетті Рамазан айында Алматы қаласындағы 40-тан астам мешітте зекет берудін артықшылығы мен мән манызы туралы 10 мыңға жуық анықтамалық парақша халыққа үлестірілді. Мақсатымыз – жұртты ортақ игі қайырымды іске ынталандыру. Бақуатты, тасы өрге домалаған кәсіпкерлер мен мұқтаж  жандар арасындағы  байланысты мейлінше жандандырып, алтын көпір болсақ деген ниет. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды азық-түлікпен, науқас жандарды дәрі- дәрмегі мен ота жасауына көмектесу. Халқымыз: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,– деген.  Ел-жұрт болып  мұқтаж кісілерге  көмек қолын созсақ, олардың жүзіне қуаныш, жүректеріне үміт сыйлайтын едік. Алла Тағала Рамазан айындағы әрбір қайырымды іс-әрекеттерімізді  қабыл етіп, сансыз сауапты бәрімізге нәсіп етсін!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру