Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған «Тәжиден Батырұлы» мешіті қасиетті Рамазан айында сауапты істердің қатарын арттырып, қоғамымыздағы мұқтаж жандарға мейірім шуағын сеуіп келеді. Жыл сайынғы үрдіс бойынша арнайы «Облыстық балалар үйінің» кішкентай тәрбиеленушілеріне қаламыздың «Шұбатхана» дәмханасында дастархан жайылды. Жастайынан өзгеден мейірім іздеп, қамқорлыққа зәру боп келе жатқан бүлдіршіндер бұл күні өздерін үлкендер қатарына қосылғандай сезініп, құрметті қонақ болғандықтарына қуанып отырғандары жүздерінен білініп тұрды. «Тәжиден Батырұлы» мешітінің бас имамы Мейрамбек Ақылбекұлы Абдрахманов балақайлардың бақытты сәтін бірге бөлісті. Арнайы сыйлықтар беріліп «Балаларға базарлық» мерекелі шағын концерттік ойындар ұйымдастырылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Тәжиден Батырұлы мешітінің» баспасөз қызметі
05.06.2018
2875
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру