Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті айда қайырымдылық жасалды

«Түлбаев Мұхаммед-Ғариф» атындағы мешітінің баспасөз қызметі 05.06.2018 2971 0 пікір
Қасиетті айда қайырымдылық жасалды

Қасиетті айда «Түлбаев Мұхаммед-Ғариф» атындағы мешітінің бас имамы Қажымұқан Ғилмановтың қайырымдылық шара ұйымдастарылды.

Орал қаласындағы «Балалар  ауылы» жетімдер үйіне арнайы барған аталмыш мешіттің наиб имамы Серік Мустафин балаларға айтқан сөзінде:

«Осы күнге аман-есен жеткізген Алла нәсіп еткен барлық нығметтерге шүкіршілік етіп, алақан жайып, үнемі дұға тілеуді, әрі өзара алғыс айтуды насихаттады. «Адамның күні адаммен» демекші, қоғам болып, елімізге пайдамызды тигізер болсақ, оның жемісін түбінде өзіміз көреміз, келешек ұрпағымыз көреді. «Қанағат етсеңдер, арттыра беремін» деген Алла Тағала. Ата-бабамыз Алладан тыныштық заман тілеп өткен еді. Ол заман қазір біз бастан кешіріп отырмыз. Осының қадірін білейік. Отбасыларыңыз аман болсын!» – деп тіледі.

Мекеме басшысы Сағынай Жамбылқызы:

«Жасаған жақсылықтарыңызға Алла разы болсын,  имандылық  жолдарыңызға мол табыс тілеймін,-деп ақ тілегін білдірді.

Ендеше, ұлық айда жақсылықпен жарысайық, ағайын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру