Қасиетті рамазан айында «Орал медресесі» кезекті оқу жылын тәмамдады. Болашақ имам хатиб мамандығында білім алушы жастар емтихан тапсырды.
Емтиханды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнаулы комиссиясы қабылдады. ҚМДБ-ның Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет төрағалық өткен комиссия құрамына «Орал медресе» директоры Еркебұлан Қарақұлов, аталмыш рухани білімордасының оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Бахрам Рахманов мен ұстаз Асылбек Наурызов кірді.
Алдымен «Орал» медресе директоры , дінтану ғылымының магистрі Еркебұлан Ыбырайымұлы сөз алып арнайы келген қонақты таныстырып, шәкірттерге мемлекеттік емтихан сәті өтуін тіледі.
Кұран, араб тілі, фиқһ және Қазақстан тарихы пәндерінен өткен емтиханды 9 шәкірт тапсырып, жоғары көрсеткішке ие болды. Олардың ішінде екі шәкірт оқу орнын үздік дипломмен аяқтап отыр.
Емтиханнан кейін Нұрбек Әуесханұлы медресенің ұжымымен кездесіп, ұстаздардың қойылған сауалдарына жауап берді. Облыстық, қалалық мешіттерді аралап, жайы-күйімен танысып шықты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
04.06.2018
3750
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру