Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ХРОМТАУ: Бас Мүфти атынан берілген ауызашар

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 04.06.2018 3021 0 пікір
ХРОМТАУ: Бас Мүфти атынан берілген ауызашар

Кеше Хромтау қаласындағы "Қазақстан" мейрамханасында Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан "Берекелі Рамазан" атты ауызашар дастарханы жайылды. Оған ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан, аудан əкімі Аманғали Бердалин құрметті қонақ ретінде қатысты. Мүфти хазреттің атынан жайылған ауызашар дастарханынан ұстаздар, балабақша тəрбиешілері, дəрігерлер мен басқа сала қызметкерлері де дəм татты.

Өкіл имам Төлеби Оспан баршасын берекелі Рамазан айымен құттықтап, қасиетті айда көптеп сауапты амалдар жасау керектігін жеткізді. Ауызашарға демеушілік танытқан жергілікті кәсіпкер Бəдиға Наурызбаеваға және ол басшылық ететін "Али-Жас жəне К" ЖШС-нің ұжымына Бас мүфти атынан алғыс білдіріп, хазреттің сәлемі мен ыстық ілтипатын жеткізді.

Шара барысында 5 мүмкіндігі шектеулі балаға 20 000 теңгеден қаржылай көмек беріліп, сертификаттары табыс етілді. Қайырымдылық шарасы ҚМДБ жариялаған «Ислам және отбасы жылы» және Ақтөбе облысында жарияланған «Бақытты бала» жылының аясында жүзеге асты.

Сондай-ақ, өкіл имам аудан басшысы Аманғали Бердалинге аудандағы діни ахуалды тұрақтандыруға қосқан үлесі мен мешітке көрсеткен қамқорлығы үшін өз атынан алғыс хат пен сыйлық табыс етті. Сонымен бірге, аудандық «Нұр» мешітінде Құран хатым етіп жатқан түркиялық қари Лұқман Йылмазға жергілікті жамағаттың алғысы ретінде ақшалай сыйақы табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру