Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Менингит себебінен жазғы сауат ашу курстары кейінге шегерілді

Алматы қаласы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 04.06.2018 3135 0 пікір
Менингит себебінен жазғы сауат ашу курстары кейінге шегерілді

Алматы қаласындағы менингокок вирусының өршіп тұруына орай барлық жазғы демалу және сауықтыру лагерлерінің жұмысы Алматы қаласы санитарлық департаментінің бас дәрігерінің Жарлығымен 18 маусымға дейін уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, аталмыш шешім аясында Алматы қаласындағы барлық мешіттердегі жазғы сауат ашу курстары да маусым айының 18-не дейін тоқтатылғандығын хабарлаймыз.

Денсаулық - Алла Тағала тарапынан берілген аманат екенін ескере отырып, әрбір қала тұрғындарын, мешіт жамағатын өз денсаулықтарына аса мұқияттылықпен назар аударуларын, халық көп жиналатын орындар мен жамағат намаздарына арнайы ауыз қапшығын (маска) киіп баруларын сұраймыз. Сонымен қатар, жеке бас тазалығын қадағалап, жеміс-жидектердің барынша жуылып желінуін және қайнатылған немесе арнайы ыдыстардағы суларды ғана қолдануға кеңес береміз.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» деген қағидаға сәйкес жоғарыдағы кеңестерді ұстанумен қатар күнделікті сыртқа шыққан уақыттарымызда «Фатиха», «Ықылас», «Фалақ», «Нәс» сүрелерін оқып шығуларыңызды да сұраймыз. Себебі, күллі дерттің шипасы мен одан сақтау Алла Тағаланың ғана құдіретіне тәуелді екенін естеріңізге саламыз.

Алла Тағала елімізді бұл дерттен аман сақтасын!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру