Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ауыл мешітінде «Ислам және отбасы»

Ауыл мешітінде «Ислам және отбасы»

«Отан – отбасынан басталады» демекші, жанұя қоғамның ең маңызды құрылымы. Сондықтан да Ислам отбасына көп көңіл бөледі. Исламда неке – екі жанның қасиетті одағы, сенімділіктің бастауы. Жанұяда ең әуелі сенім мен сыйластық, сезім мен сүйіспеншілік болса, жұбайлар өмірінің шырайы артып, кездеспей қоймайтын тіршіліктің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп, қандай жағдайда болсын, босағасы берік болмақ. Осыған орай Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылы Мәдениет үйінде «Ислам және отбасы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Бұнда Исламның отбасындағы орны туралы пікірталастар қозғалды: Пікірталаста Құранның аяттары мен Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистеріне сүйене отырып, ерлі-зайыптылар қарым – қатынасы, олардың міндеттері туралы, сонымен қоса жанұяның діни тұрғыда жақсы мінез-құлыққа үгіттеп тәрбиеленуі, қазіргі замандағы некелескен жастар туралы мәселелер қозғалды. Дөңгелек үстел соңында қатысушылардың тарапынан сөз сөйленіп, қатысушыларға «Ислам және отбасы» дөңгелек үстелдің тыңдаушысы, қатысушысы ретінде арнайы сертификаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру