Бүгін ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті "Ислам және отбасы жылы" аясында «Халықаралық балалар құқығын қорғау» күніне орай әртүрлі мәдени шаралармен қоса қайырымдылық акциясын жүргізді. «Әйел–қыздар секторының» меңгерушісі Қарлығаш Қажымәлікқызының ұйытқы болуымен әйел шәкірттер «Әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығында» болып, онда тәрбиеленіп жатқан мүмкіндігі шектеулі 49 баланы мерекесімен құттықтады. Оларға әртүрлі ойыншықтар, кеңселік құралдар, түрлі тәтті жеміс-жидектер сыйға тартты. Бұл шараға жастарға үнемі ақыл-кеңес айтып, қамқоршы болып жүретін Бақытжамал қажы, Рысты қажы апалар бастаған мешіт жамағаттары мен әйел шәкірттер балалар мен тәрбиешілер арасына әртүрлі ойын-сауықтар да жүргізді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі
02.06.2018
3012
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру