Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алтынбек Ұтысханұлы жамағатпен кездесті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 02.06.2018 3404 0 пікір
Алтынбек Ұтысханұлы жамағатпен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Маңғыстау өңіріне арнайы іс-сапармен келіп, жамағатпен кездесті. ҚМДБ бөлім меңгерушісі Рамазан айы қарсаңында Облыстық орталық мешітте болып, Рамазан айының қадір қасиеті жайлы тоқталып, уағыз айтты. Алтынбек Ұтысханұлы өз сөзінде:

«Рамазан айы жыл ішіндегі ең абзал ай болып саналады. Оның артықшылығы жайында көптеген хадистер бар. Ол туралы ұлы ғалымдар тарапынан шексіз мақтаулар айтылып, кітаптар жазылған. Бірақ Құран жайындағы мақтаулардың ең ұлығы бүкіл әлемнің Раббысы – Алланың өз кітабында айтқандары. Алла Тағала рамазан айын Құранның түсірілуіне лайық ай ретінде таңдап, осы айды Құран арқылы ерекшеледі» - деді.

Сонымен қатар жамағатпен тарауих намазын оқып, ел тыныштығы үшін дұға жасады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру