Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балалар қуанған күн

БҚО өңірі бойынша баспасөз қызметі 02.06.2018 3291 0 пікір
Балалар қуанған күн

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Батыс Қазақстан өкілдігінің ұйымдастыруымен бірқатар шаралар атқарылды. Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов пен Тәжіден Батырұлы атындағы қалалық мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов, наиб имамдары Наурыз Убаев пен Талғат Искалиев Орал қаласындағы "Шапағат" балалардың күндіз болуына арналған медициналық әлеуметтік мекемесіне арнайы барып игі шараға қатысты. Мереке барысында облыс имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы сөз алып, жиналғандарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Өмір тауқыметін кешкен бүлдіршіндерге жылы сөз сөйлеп, көңілдерін сейілітті. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің атынан қайырымдылық ретінде денсаулықтарында кінәраты бар 45 балғынға тәтті тағамдар мен сыйлықтар таратты. Балалар қорғау күніне орай ұйымдастырылған шарада сөз алған мектеп директоры Нәсіп Минахайқызы демеушілік жасап, балаларды қуантып жылы сөздері мен игі істеріне ризашылығын білдіріп, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлына, дін жанашырларына шексіз алғысын білдірді. Мерекеде әсем әндер шырқалып, сахналық көріністер қойылып, мың бұрала биледі. Шарадан кейін дін қызметкерлері мектептің ішін аралап, тұрмыс тіршілігімен танысты. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру