БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы мешітінің асханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан ауызашар дастарханы жайылды. Ауызашар рәсіміне Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Қуанышбайұлы мешіт жамағаты, ата-әжелеріміз, қоғам қайраткерлері, қоғам белсенділері, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Ауызашар дастарханында бас имам Қанат Қуанышбайұлы Дінбасымыз Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің құттықтауын жеткізіп, қасиетті Рамазан айы, ораза туралы әңгімелеп берді. Дәстүрлі шара аясында бірқатар мешіт ақсақалдары мен әжелеріміз сөз алып, діни басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, риза екендіктерін атап өтті. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық келген қонақтар мешіт қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақсай қаласының баспасөз қызметі
02.06.2018
3255
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру