Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨКІЛ ИМАМ НӘУБЕТ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 01.06.2018 3046 0 пікір
ӨКІЛ ИМАМ НӘУБЕТ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы Өскемен қаласында өткен «Саяси қуғын-сүргін естеліктерінің жаңғырығы» атты жиынға қатысты. Шара 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылды. Басқосуға тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Отырыс барысында сөз алған Ермек қажы Қасболатұлы:

«Еліміз тарихтың талай-талай қиын кезеңдерін басынан өткерді. Соның бірі осы саяи қуғын-сүргін кезеңдері еді. Тәуелсіздігіміздің арқасында бүгін міне, нәубет құрбандарын еске алып отырмыз. Өңірдегі барлық мешіттерде оларға арнап бүгін Құран бағышталып, ас берілуде. Діни басқармадан нәубет құрбандарын еске алуға аса маңыз беріліп келеді. ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазірет Мәскеуде Дон зиратында ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның басына Құран бағыштады Нәубет құрбандарынан шейттік мәртебе беру керек деп ойламын. Шейт дегеніміз жазықсыз адам өлтіретін лаңкестер емес ел үшін жандарын құрбан еткен Алаш қайраткерлерін нағыз шейіттер деуге болады» дей келе, бүгінгі атаулы датаның маңыздылығына тоқталды.

Жиынға қатысушылар тарапынан өкіл имамның бастамасын қолдап, саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алуға қатысты бірқатар маңызды ұсыныстарын ортаға салды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру