Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Сатыбалұлының бастамасымен еліміздің мешіттерінде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай игі шаралар ұйымдастырылып, ауызшаралар беріліп, Құран оқылды.
Батысқазақстандықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етті. Қалалық жаңа зираттағы «Қуғын-сүргін құрбандарына арналған» ескерткіш жанында өткен еске алу шарасына облыс әкімі Алтай Көлгінов, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, Тәжіден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов, ардагерлер, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ұжымы мен студенттері қатысып, солақай саясаттың құрбаны болған аға ұрпақтың аруағына Құран бағыштады.
Аталмыш шарадан кейін «Орал» орталық мешітінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арнайы Құран бағышталды. Бас имам Еркебұлан Ыбырайымұлы Құран бағыштаудың маңыздылығы мен сауабы жөнінде насихат айтып, қасиетті Құран оқылды.
Жазықсыз жаланың құрбаны болған жерлестерді еске алып, оларға Құран бағыштау қазіргі ұрпақтың парызы екендігін түсіндіріп өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
01.06.2018
3218
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру