Алла Тағала «Бақара» сүресінің 148-аятында: «Жақсылықта жарысыңдар…» -деп бұйырса, «Ниса» сүресінің 127- аятында: «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», - деп қайырымдылық жасағандарды үлкен сауапқа кенелтетінін айтады. Ал сауабы еселеніп жазылатын қасиетті Рамазан айында әрбір мұсылман адам бұл мүмкіндіктерді қалт жібергісі келмейді.
Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің осы аптада қасиетті Рамазан айының құрметіне 20 отбасына көмек көрсетті. Оларға демеушілер арқылы азық-түлік пакеті және киім-кешектер табыс етілді.Сонымен қатар қажетті дәргери көмек алуға қаражаты жетіспеген 5 балаға ақшалай жәрдем жасалды. Жолда жүрген мүсәпір адамдардың жол пұлына көмектер берілді.
Әркез мешіттерден қолдау көріп отыратын мұқтаж отбасы мүшелері мешіт қызметкерлеріне риза болып, алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.
Алла Тағала баршамызға жақсы істер жасауды нәсіп етсін!

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
01.06.2018
3600
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру