Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОҚО: Мешіттерде қуғын-сүргін құрбандарына Құран бағышталды

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі   31.05.2018 2921 0 пікір
ОҚО: Мешіттерде қуғын-сүргін құрбандарына  Құран бағышталды

 

Бүгін, Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде  жамағаттың алдында Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы ұйымдастырылды.

Сол зұлмат жылдары тарихшылардың айтуы бойынша, 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап шеккен. Тарих бетіне қаралы ізін қалдырған осынау оқиғаның құрбандарын ақтау, ерліктерін еске алу тәуелсіздігіміздің арқасында қолға жетті. 

Осыған орай, еліміздің әр өңіріндегі мешіт қызметкерлері облыс, аудан, ауыл әкімдіктерімен бірлесіп, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шараларын дәстүрлі түрде жалғастырып келеді.

Жалпы, облыс бойынша 160 мешіттерде оқылып жатқан хатым Құран сауабы сол жылдары жазықсыз шейіт болған марқұмдардың рухтарына бағышталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру