Маңғыстау облысына қарасты мешіттер төрт бағыттың бірі қайырымдылық шарасына ерекше ден қойып, өңірдегі әлуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, қайырымдылық жасап келеді.
«Ислам және отбасы жылы» аясында қайрымдылық шарасы өз жалғасын табуда. Қасиетті ай қарсаңында облыстық орталық мешіт, Ақтау қалалық мешіті, Мұнайлы ауданына қарасты мешіттердің ұйымдастыруымен тізімде тұрған 150-ге жуық көп балалы аналар, жалғыз басты аналар, мүгедек жандарға қайырымдылық жасалды.
Маңғыстау өңіріне арнайы іс-сапармен келген «Асыл арна» телеарнасы ұжымы да игі шараның куәсі болды.
Қасиеттi Құранда: «…Қайырдан не iстесеңдер, Алла оны күдiксiз бiледi», – делiнген («Ниса» сүресi, 127-аят). Демек, қандай жақсылық жасасақ та, ол сауапсыз қалмайды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
31.05.2018
3207
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру