Қасиетті Рамазан айында, Қызылорда қаласындағы «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының ораза ұстаған балапандары ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде берілген ауызашар дастарқанының сыйлы қонақтары болды.
Ақын Төреәлі Төлепов, Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Есов, мешіт жамағаты қатысқан ауызашарда ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы «Сауабы мол айдың шарапаты» тақырыбында уағыз айтты.
Ауызашарға қатысқан балақайлар, әрдайым демеушілік жасап жүретін, мешіт қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
31.05.2018
3445
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру