Қасиетті Рамазан айында Өскемен аймағы өкілдігі зиялы қауымға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ауызашар берді. Ақ дастархан басындағы алқалы жиынға Өскемен қаласында тұратын ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, облыстағы БАҚ журналистері, өнер саласының қызметкерлері, қатысты.
Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы:
Әңгіме барысында алда жоспарланып отырған шаралар туралы да айтып өтті. Сонымен қатар, зиялы қауымға жаңадан басылып шыққан Құран Кәрімді тарту етті.
Ақ дастархан басында сөз алғандар өкілдіктің атқарып жатқан рухани мән-маңызы биік шараларын жоғары бағалады. Ұтымды ұсыныстармен сындарлы ой-пікірлер айтылды.
Ас соңынан ақсақал бата жасап, елімізге бейбітшілік, халқымызға ынтымақ тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
31.05.2018
3072
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру