Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Еліміздегі ең үздік дінтанушы магистрлар Нұр-Мүбаракта дайындалады

nmu.kz 31.05.2018 4195 0 пікір
Еліміздегі ең үздік дінтанушы магистрлар Нұр-Мүбаракта дайындалады

Университетте биылғы оқу жылы сәтті аяқталды. Ал студенттер мен магистранттар оқу жылын өндірістік тәжірибелермен жалғастыруда!

Соңғы ұлттық рейтинг бойынша еліміздегі іргелі 6 жоғары оқу орын арасынан Нұр-Мүбарак университеті «6М020600-Дінтану», яғни дінтану магистратура саласында  №1 деп танылды. Міне, топжарған кезекті дінтанушы магистранттар биылғы диссертациялық қорғауларын сәтті аяқтап, университеттегі жалы оқу жылы да тәмамдалды.

«Дінтану» кафедрасының меңгерушісі PhD, қауым.профессор Қалмахан Ержан бастаған ғалымдар тобының да талабы жоғары болды. Сондықтан биылғы магистрлік диссертанттар арасында ғылыми зерттеу мақалалары ағылшын тілінде шет елдік басылымдарда жарық көргендері де бар. Ізденістерінің тың екендігі түрлі сараптамалардан өзге, негізгі бөлігі плагиаттық тексерістен 5 пайызға да жетпейтін көрсеткіштен-ақ айқын аңғарылып жатты. Диссертанттардың тақырыптары да әлемдік діндерден бастап, Еуропадағы ахуал, еліміздегі жаңадан пайда болған діни ағымдар мәселелері, яғни сан алуан. Екі жыл бойы зерттеген тақырыптарына ғылыми тұрғыда талдаулар жасап, еліміздің діни тұрақтылығы мен баянды болашақ үшін маңыздылығы жоғары ұсыныстар жасалды.

Филос.ғ.д., профессор Қайрат Затов магистранттардың ізденістеріне өз ойларын қосып, жасалған зерттеулерді болашақта дамытуға қатысты пікірін білдірді. Ал филос.ғ.к., доцент Базар Хамзеева кей магистранттарға қатысты нақты ұсыныстарын айтып, жұмыстардың жан-жақтылығына ерекше ден қойып жатты. Кафедра меңгерушісі қауым.профессор Қалмахан Ержан:

  • Жылдан жылға талап күшейе береді. Бұл әлбетте ҚР Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сай жасалатын өзгерістер. Әрі еліміздің дамуы, жаһандық жағдайлар ғылым саласына шынайы білімге құштар, тарихты салмақты таразылап, болашаққа бағдар жасауға ғылыми тұрғыдан үлес қосамын деген жасампаз жандарды іріктеп те алуы заңдылық, — деп болашақ магистрлерді пысықтап өтті.

Осылайша  исламтану ғылымымен қатар дінтану саласын дамытып жатқан Нұр-Мүбарак университеті биылғы дінтанушы магистрларға еңбек пен ғылым әлеміне жолдама берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру