ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторының Маңғыстау облысы бойынша жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Атап айтқанда семинарлар, дөңгек үстелдер, имандылық сабақтары ұйымдастырылып келеді.
ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторының БҚО бойынша жауапты өкілі Гүлжамила Ахметова және «Қоғамдық процестердің талдау және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Толғанай Мустафина облыстық орталық мешіт жамағатымен кездесті. Кездесу барысында бүгінгі таңдағы маңызды мәселелер, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі сынды мәселелер қозғалды.
Салихалы сұқпат ауыз ашар дастарханында жалғасыты. Рамазан айының құрметіне келген қонақтарға арнайы жайылған ақ дастархан басында қонақтар жамағаттың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Керемет кездесудің куәсі болған әйелдер-қыздар жамағаты дән риза болып, өз алғыстарын жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
30.05.2018
3738
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру