ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры Қ.Бисеновпен кездесті.
Келелі кездесу барысында, өңірдегі діни ахуал мен жастарға дұрыс тәрбие беру, білім саласындағы соңғы ғылыми жаңалықтар туралы сөз болып, жоспарларымен бөлісіп, екі жақты ұсыныстар жасалды.
Ректор Қылышбай Алдабергенұлы Өкіл имамға бүгінде өңірлік дін саласында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстардан хабардар екенін айтты,
«Университетімізде «Тарих және Дінтану» мамандығын ашу жоспарымызда бар. Сол мамандықтың болашақ білім алушыларына сіз секілді ғылыми тәжірибелі мамандар дәріс берсе, біз үшін үлкен мәртебе»- дей келе, өзінің ұсынысын білдіріп, алдағы уақытта орталық мешітте ашылатын облыстық кітапханаға Карен Армстронгтың «История бога. ТЫСЯЧЕЛЕТНИЕ ИСКАНИЯ В ИУДАИЗМЕ, ХРИСТИАНСТВЕ И. ИСЛАМЕ» атты кітабының қазақша аудармасын университет атынан сйыға тарту ететінін жеткізді.
Өкіл имам өз кезегінде:
«Бүгінде бас мүфтиіміз дін қызметкерлерінің сапалы білім алуына, жоғары деңгейлі білікті маман болуына баса назар аударуда. Осы орайда, сіздің жоспарыңыз жүзеге асырылса, жергілікті имамдардың білімін жетулдіруде айтарлықтай үлес қосатынына сенімім кәміл»-деп, ұсынысын қолдайтынын жеткізіп, ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамаларымен таныстырды.
Сұхбат соңында, екі жақ та бүгінгі жастар - ертеңгі ұрпақтың тәрбиелеушісі екенін ескере отырып, «Ислам және Отбасы жылы» аясында бірлесе жұмыс жасауға келісті.



Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру