Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МҰҚТАЖ 250 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі 30.05.2018 3095 0 пікір
МҰҚТАЖ 250 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

Тапшылық тауқыметін тартып тарыққан жандарға үнемі қол ұшын созып, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру – «Иманғали орталық» мешітінің алға қойған міндеттерінің біріне айналды. Бұл бағытта көптеген игі шаралар жасалып келеді. Қасиетті рамазан айында мұқтаждың мұңын ойлап, қол ұшын созу өкілдіктің күн тәртібінде тұрған маңызды істің бірі десек, артықтық етпейді.

Қасиетті Рамазанның қадірлі күндерін ескере отырып, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен мұқтаж жандарға көмек қолын беру шарасы жалғасым тапты. Дәлірек айтсақ, сауапты айда мешітке келген мұқтаж жандардың меселін жықпай, мерейін өсіргісі келген орталық "Иманғали" мешіті рамазанның екінші он күндігінің басталуына орай 250 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетті.

Жұртшылық алдында сөз алған облыс имамы Батыржан Берденұлы: "Біз Қазақ xалқына мына үш нәрсе керек, бірі елін бағар қайырымды жомарт жандар, сол еліне қорған болар батыр мен дауға түсер биі қажет. Бұл үрдісті ендігі жерде рулық деңгейден шығарып, ұлттық деңгейге көтеру керек. Міне мына қайырымдылық шара жомарт жандардың сауап үмітімен жасап жатқан игі ісі. Рамазан айында көбірек қыйырымдылық жасап жүрейік. Ең боламағанда айтқан жылы сөздің өзі садақа екенін ескерейік, ағайын. Қайырымды жомарт жандарға Алла разы болсын!" - деп қайырымдылық шарасына ат салысқан Атыраулық кәсіпкерлерді жақсылықта жарысуға шақырды.

Шара соңында әрбір мұқтаж кісілерге "РАМАЗАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!" "ОРАЗА ҚАБЫЛ БОЛСЫН!" деген жазуы бар азық-түлік салынған қайырымдылық қапшықтары үлестірілді. Мешіттен қамқор көрген кісілер мешіт қызметкерлері мен жаны жомарт жандарға ризашылықтарын жеткізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру