Тараз қаласындағы орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде оқу жылының аяқталуына орай «Діни сауат ашу курсының» шәкірттеріне сертификат табыстау рәсімі өтті.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Әлимұхамедұлы жиналған шәкірттерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап өтіп, білім үйренудің маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына» негізделген үш сатылы діни сауат ашу курсы бағдарламасының тиімділігі туралы да айтып өтті.
Бас имам Данияр Әлимұхамедұлы осыншама шәкірттерге аянбай адал еңбек етіп, білім берген ұстаздар Үсенова Зейнеп пен Алдасаева Гүлжанға да шынайы ризашылығын білдірді.
Биылғы жылы діни сауат ашу курсының оқу бағдарламасын тәмамдаған 130 шәкірттің 80 шәкіртіне арнайы мешіт сертификаты тапсырылды. Шәкірттер оқу жылы аясында «Құран әліппесін» тәмамдап, сондай-ақ, «Ғибадат» және «Ақида» сабақтары бойынша да білім алып шыққан. Бұдан басқа, мешіт басшылығының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында түрлі білім жарыстары, спорттық ойындар мен ұжымдық серуендер ұйымдастырылып, ынтымақ пен бірлікке ұйысқан жамағат қалыптастыру жолында іргелі істер атқарылып келеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі
asyldin.kz
30.05.2018
3569
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру