Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти атынан БАҚ өкілдеріне ауызашар берілді

ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 29.05.2018 3163 0 пікір
Бас мүфти атынан БАҚ өкілдеріне ауызашар берілді

Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің дәмханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдеріне ауызашар дастарханы жайылды.

Ауызашар рәсіміне облыс имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы, наиб имамы әрі баспасөз қызметінің жетекшісі М.Естеміров, облыс әкімдігінің баспасөз қызметкерлері, облыстық «Қазақстан Шымкент», «Отырар», «Созақ ТВ», «Нар ТВ», «Айғақ»  телеарналары мен «Оңтүстік Қазақстан», «Қазақстан жолы», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті»  т.б. газет-журналдардың бас редакторлары мен ардагер тілшілері қатысты.

Дәстүрлі шара аясында бірқатар журналистер сөз алып, діни басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, риза екендіктерін атап өтті. Сондай-ақ, өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы Бас мүфти Серікбай қажы Садыбалдыұлының құттықтауын жеткізіп, қасиетті Рамазан айы туралы әңгімелеп берді.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қонақтарға кәде-сыйлық табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру