Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өзге дін өкілі мұсылмандарға ауызашар берді (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 29.05.2018 3256 0 пікір
Өзге дін өкілі мұсылмандарға ауызашар берді (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айында өзге дін өкілі Өскемен қаласының кәсіпкері Дмитрий Левитанов есімді азамат Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде 500-ден астам мұсылман қауымға ауызашар берді.

Ауызашар дастарханы басында облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Мәди Мұхтанов:

«Біз өкілдік тарапынан басқа діндермен ынтымақтастыққа да назар аударамыз. Қазақстан көпконфессиялық мемлекет. Бүгін басқа дін өкілінің мұсылман қауымды құрметтеп, қазақ халқын сыйлап осылай ауызашар беріп отырғандығы елімізде салтанат құрған дінаралық татулықтың жемісі. Ұлы Абай атамыздың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өсиеті осыған сай келеді»,- деп атап өтіп ұлттар достығы, дінаралық ынтымақ мемлекетіміздің баға жетпес құндылығы екендігіне кеңірек тоқталды.

Ол сонымен қатар қасиетті Құранда айтылған ұлттардың, адамдардың ынтымағы туралы тұщымды уағыз айтып берді. Жамағаттар ізгі жүректі Дмитрий Левитановке ақжарма алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру