Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам кәсіпкерлермен кездесті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 29.05.2018 2803 0 пікір
Өкіл имам кәсіпкерлермен кездесті

Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы апта басында  облыстық кәсіпкерлер палатасы арқылы Павлодардағы беделді кәсіпкер азаматтармен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге  аталмыш палатада тізімде тұрған біршама  іскер азаматтар қатысты.

Бүгінде ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі және қала, аудан мешіттері медресе шәкірттеріне шәкіртақы тағайындау, заман ағымына сай оқу орындарының құрылысын салу, әрі оларды жабдықтауды қамтамасыз ету, Ислам дінінің лайықты түрде насихатталуына және өзін-өзі қаржылай қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне қаржылай қолдау көрсетуді мақсат етуде. Еліміздегі кәсіби діни 8 медресесінің бірі «Әбу Бәкір сыддық» медресесі және «Мәшһүр Жүсіп – Құран жаттау орталығы» Павлодар қаласында  орналасқан. Бүгінгі таңда осы медресенің оқу корпусына ағымдық жөндеулер жүргізу, материал-техникалық базасын  заманауи талапқа сай қанымдау үшін арнайы спорттық зал құрылысын жүргізу біздерге басты міндет болуда.

Сондықтан да,  облысымыздың беделді кәсіпкерлеріне жат ағым туралы жан-жақты түсіндіру жұмысын қажеттілігі мен маңызы зор. Осыған орай қасиетті Рамазан айында кәсіпкер азаматтарға жоғары аталған тақырыпта және Алла Тағала парыз еткен зекет туралы уағыз-насихаттар айтылды. Кәсіпкерлер тарапынан да қолдаулар білдірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру