Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақсай» мешітіндегі жамағатпен жүздесу

Алматы қаласы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 29.05.2018 3223 0 пікір
«Ақсай» мешітіндегі жамағатпен жүздесу

Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы қала мешіттеріндегі Рамазан айында тарауық намаздарында оқылып жатқан Құран хатымдардың өту барысын қадағалау мақсатында әрбір мешіттерді аралап, жамағаттармен жүздесу өткізіп келеді. Сондай келелі кездесу бұл жолы «Ақсай» аудандық мешітінде өтті. «Ақсай» мешітінің бас имамы Лесбай Ыбрайымұлы ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкілі Еркінбек қари Шоқаевқа өз мешіті мен Әуезов ауданы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын таныстырды.

Қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті туралы сөз қозғаған Бас имам Еркінбек Керімбекұлы:

«Рамазан – Алла Тағала тарапынан бүкіл адамзатқа тура жол ретінде Құран түсірілген ұлы ай. Құран – Алланың пайғамбары Мұхаммед арқылы адамзатқа жолдаған үндеуі. Ораза дегеніміз, біріншіден, Алла Тағалаға бойсұну. Ол мұсылманның бойына бұйрықты орындатып, тиымнан қайтаратын тақуалықты егеді. Ораза – мұсылманға өнегелі мінезді үйрететін тәрбие мектебі. Оның көмегімен мұсылман өз бойындағы жағымсыз сипаттардан арылады. Ораза мұсылманның ерік күші мен шешімділігін күшейтіп, сабырлыққа үйретеді», – деп жамағатты оразаның артықшылығымен таныстырып, сөз соңында еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігі үшін бата жасап, дұға етті.

Жиналған жамағатты ізгі амалдар жасауға жігерлендірген Еркінбек Керімбекұлы құптан және тарауық намаздарын жүргізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру