«Имани жаз – 2018» атты жазғы сауат ашу курсы басталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Елорда мешіттерінде мектеп оқушыларына арналған жазғы сауат ашу курсы басталды.
Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің сауат ашу курсына тіркелген 305 мектеп оқушыларына жазғы сауат ашу курсының алғашқы күні.
ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов арнайы қатысып, ілім алудың артықшылығы жайында тұщымды насихат айтты.
Сонымен бірге, өкіл имам балдырғандарды мешіт әдебімен таныстырып, білім сапарларына сәттілік тіледі. Ал, «Нұр Астана» орталық мешітінің Алқа мүшесі, құрметті ақсақал Ауданбай қажы Аxметжанов іс-шараға арнайы қатысып, бүлдіршіндерге батасын берді.
Жазғы демалысқа шыққан оқушыларға арналған курс аясында балалар бойынша Құран әліппесі, Құран, Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірбаяны, әдеп, т.б. пәндер бойынша сабақ алатын болады. Оқушылар ұлдар және қыздар тобы бойынша жүргізіледі.
Мұндай курстар Бас қаланың барлық мешіттерінде іске асырылуда.



























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
29.05.2018
5734
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру