Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Берекелі айдағы қазыналы апта

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі 28.05.2018 3504 0 пікір
Берекелі айдағы қазыналы апта

Алматы Орталық мешіті жанынан ашылған «Райхан» инабатты бойжеткендер мектебі «Берекелі айдағы қазыналы апта» атты 7 күнге созылған ауқымды шара өткізді. Шараның мақсаты: Рамазан айының берекелі күндерін мерекеге айналдыру, мұсылмандар арасында бауырмалдылықты арттыру, қоғамның мешіт қауымына деген теріс көзқарасын өзгерту,  Рамазан айын хайырлы амалдарға толтыру.

«Берекелі айдағы қазыналы аптаның» алғашқы күнінде шәкірттер арасында ауызашар дастарханы жайылды. Алматы «Әйел-қыздар» секторының басшысы Ахметова Маржанқыз  Рамазан айының қадір-қасиеті жайында уағыз айтты. Екінші күні мұқтаж үш отбасыға, ауызашарға азық-түлік апарып қуанышқа бөледі. Үшінші күні ауызашар уақытында бағдаршамда тұрған көліктегі кісілерге су мен құрма таратылды. Төртінші күні жұма намазына келген жамағатқа Рамазанның қасиеті мен мұсылман парызын түсіндіру мақсатында сұрақ-жауап ойнатылып, сыйлықтар табысталды. Бесінші күні мешіт дәрісханаларында тазалық жұмыстарын атқарып, өзара сұхбаттар жүргізіп қайтты. Алтыншы күні екінті мен шам намаздары арасында толық Құран хатым етілді.

Жетінші күні шараға қатысқан шәкірттер мен ұстаздар ауызашар дастарханында бас қосып, Құран хатым дұғасын жасап, күллі мұсылман жұрты үшін дұға жасады. Әрі өзара сыйлықтар сыйланып қорытындылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру