Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Қызылорда жамағатымен жүздесті (ФОТО)

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 28.05.2018 3385 0 пікір
РАНТ мүшесі Қызылорда жамағатымен жүздесті (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айында облыс бойынша түрлі іс-шаралар жоспарланып, бүгінде бірқатары жүзеге асырылуда. Солардың бірі, республикалық деңгейдегі ғалым ұстаздарды шақыртып, өңір жамағатымен кездесу ұйымдастыру.

Осыған орай, РАНТ мүшесі, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Оралхан Сейдманов Қызылорда қаласына арнайы іс-сапармен келіп, мешіт жамағатымен кездесті.

Атап айтар болсақ, бейсенбі күні «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ауызашарға қатысып, тарауық намазы алдында «Рамазан – құлшылық айы» тақырыбында уағыз айтып, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Тарауық намазында қалалық «Қалмұхаммед ишан» мешітінің жамағатымен кездесіп, намаздан соң өкіл имам Рамазан айы басталғалы тарауық намазында толығымен оқылып біткен Құранға Хатым дұғасын жасады.

Жұма күні облыстық мешітте «Зекет бер: берекетін көр, ырысың молайсын» тақырыбында жұма уағызын айтып, ғибадат айындағы зекет берудің маңыздылығы мен пайдасын түсіндірді. Намаздан соң Алла Тағаладан өзге аймақтарда орын алып жатқан табиғи апаттар мен келеңсіздіктерден сақтауын сұрап, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға етті.

Сонымен қатар, ақшам намазынан соң қалалық «Айтбай» мешітінде жамағатпен кездесу өткізілуі жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру