ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі, Республикалық ақпараттық-насихаттау тобы мүшесі Тілегенова Ақбөпе арнайы іс-сапармен Маңғыстау облысында болды.
«Ислам және отбасы жылы» аясында облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының шақыртуымен Маңғыстау өңіріне арнайы келген сектор меңгерушісі келелі кездесулерге қатысып, игі шаралардың куәсі болды. Атап айтар болсақ, Жаңаөзен қаласының әйелдер жамағатымен кездесті. «Әбіш қожа» мешітінде өткен игі шарада «Исламдағы əйел адамның орны» тақырыбында уағыз айтты.
Игі шара маңғыстаулық қыз-келіншектер арасында «Айдын» мейрамханасында өткен «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» атты байқаумен жалғасты. Қатысушыларға сыйлықтар үлестіріліп, алғыс хаттар табыс етілді.
Сонымен қатар, облыстық дін істері басқармасының «Асар» ақпараттық-орталығы қызметкерлерімен кездесіп, бүгінгі таңдағы маңызды мәселелер, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі сынды мәселелер қозғалды.
Маңғыстау өңірінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, шәкірттердің, қыз-келіншектердің ерекше ықыласы мен ынтасына куә болған Ақбөпе Қанатқызы облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының жұмысына оң баға берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
28.05.2018
3429
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру